Әнұраным – жан ұраным!
19.10.2026
Әр дүйсенбі күні мектебіміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталады.
Бұл – жай ғана мектеп дәстүрі емес, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға, оның тарихына, мемлекеттік рәміздеріне және ұлттық құндылықтарына деген құрметті қалыптастыратын маңызды тәрбие сәті.
Әнұран орындалған кезде әрбір оқушы мен әрбір педагог өз еліне деген құрметін көрсетеді. Бұл – бәріміз бір елдің, біртұтас Қазақстан Республикасының азаматы екенімізді сезінетін, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін ерекше сәт.
Просмотров: 185