Дәстүр мен намыс: мектебіміздің оқушылары ұлттық ойындардан жүлдегер атанды
17.10.2026
Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы!
16 қазанда Атбасар қаласындағы №5 жалпы білім беретін орта мектепте қала мектептері арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті. Жарыс бағдарламасына тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату және арқан тарту ойындары енгізілді.
№6 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары жарысқа белсене қатысып, өздерінің шеберліктері мен ойынға деген қызығушылықтарын көрсетті.
Тоғызқұмалақ ойынынан:
* 10 «А» сынып оқушысы Докумбаев Әбілмансұр III орын иеленді.
* 9 «Ә» сынып оқушысы Мусина Гауһар II орынға ие болды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!
Ұлттық ойындарымыз ұлықталып, жас ұрпақтың бойында ұлттық рух пен салт-дәстүрге деген құрмет арта берсін!