2026 жылғы 13 қазанда бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 3 «А» сыныбында «Дүниетану» пәнінен «Қалай жақсы дос болуға болады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
13.10.2026
2026 жылғы 13 қазанда бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 3 «А» сыныбында «Дүниетану» пәнінен «Қалай жақсы дос болуға болады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың достық, өзара сыйластық, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру және жанжалды жағдайларда бейбіт жолмен шешім таба білуге үйрету.
Барлық оқушылар: құрметпен қарым-қатынас жасаудың кемінде 2 ережесін және жақсы достың 2 қасиетін атайды.
Оқушылардың басым бөлігі: іс-әрекеттерді талдайды, олардың салдарын түсіндіреді, мәселені бейбіт жолмен шешу жолдарын ұсынады және достықтың маңыздылығына мысал келтіреді.
Қосымша күрделі тапсырмаларды орындауға дайын оқушылар: сыныптың өзін-өзі басқару үлгісін ұсынады, рөлдерді бөліседі және әртүрлі пікірлер болған жағдайда ортақ шешім қабылдау жолын түсіндіреді.
Сабақ барысында оқушылардың қарым-қатынас жасау және бірлесіп жұмыс істеу дағдылары дамытылып, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, ізгілік танытуға және даулы жағдайларды бейбіт жолмен шешуге үйретілді.
Сабақтың мақсатына қол жеткізілді. Оқушылар құрметпен қарым-қатынас жасау ережелерін түсінетіндерін көрсетті, достықтың, өзара көмектің және айналасындағыларға құрметпен қараудың маңыздылығын түсінді.