Қазақстан халқының Тілдері күнін мерекелеу аясында Атбасар қаласының КММ «№6 жалпы орта білім беретін мектебінде» мерекелік апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиын өтті.

18.09.2026

Қазақстан халқының Тілдері күнін мерекелеу аясында Атбасар қаласының КММ «№6 жалпы орта білім беретін мектебінде» мерекелік апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа да тілдерге деген құрметін қалыптастыру, тілдерді және түрлі халықтардың мәдениетін үйренуге қызығушылығын арттыру, сондай-ақ оқушылар арасында достық пен бірлікті нығайту.
Іс-шара барысында мектепте өткізілген мерекелік іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Оқушылар интеллектуалдық ойындарға, викториналарға, шығармашылық байқауларға және сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысып, өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және тілдерді үйренуге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Қазақстандағы тілдік әралуандылықтың маңызына ерекше көңіл бөлінді. Мерекелік іс-шара барысында тілдерге, мәдениетке және Қазақстан халқының бірлігіне арналған құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды.
Мерекелік іс-шаралардың қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар мадақтамалармен және тәтті сыйлықтар табыс етілді

Просмотров: 641


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу