Облыстық байқаудағы жетістік!
14.09.2026
Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында өткен «Ахмет мұрасы – ұстаз тәжірибесінде» атты облыстық байқауға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан Толеубаевна Жакина қатысып, байқаудың екі кезеңінен сүрінбей өтіп, III орынға ие болды.
Байқау барысында ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасын қазіргі педагогикалық тәжірибемен ұштастырып, өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, кәсіби биіктер және жаңа жеңістер тілейміз!
Жеңісіңіз құтты болсын, Раушан Толеубаевна!
Просмотров: 356