Қазақстан халқының тілдері күніне арналған викторина

09.09.2026

2026 жылғы 9 қыркүйекте «Атбасар қаласының №6 жалпыбілім беретін мектеп» КММ Қазақстан халқының тілдерікүнін мерекелеу аясында 7–9 сынып оқушылары арасындатілдік викторина өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың тілдерді үйренуге дегенқызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін, тілдік сауаттылығын және топпенжұмыс жасау дағдыларын дамыту, сондай-ақ Қазақстанныңтілдік және мәдени әртүрлілігіне құрметпен қарауғатәрбиелеу.

Викторина барысында оқушылар түрлі қызықты әрі танымдықтапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады. Оқушылар ребустар шешіп, тақырыптық пазл құрастырды, берілген әріптерден сөздер құрастырды, сөздердің үш тілдегі— қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі — аудармаларынтауып, сәйкестендірді.

Жылдам ойлауды, зейінділікті және бірлесіп жұмыс жасаудыталап ететін тапсырмалар оқушылардың ерекшеқызығушылығын тудырды. Оқушылар викторинаның әркезеңіне белсенді қатысып, өз білімдерін, тапқырлықтарынжәне шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Іс-шара достық, танымдық және жағымды атмосферада өтті.

Тіл — тек қарым-қатынас құралы ғана емес, әр халықтыңмәдениеті мен рухани мұрасының маңызды бөлігі. Көптілділікбізді біріктіріп, бір-бірімізді жақсы түсінуге көмектессін!

 

Просмотров: 334


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу