«Ана тілім – асыл қазынам»
07.09.2026
Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра. Ана тілін құрметтеу – туған елге, оның тарихы мен мәдениетіне деген құрметтің белгісі.
Тілдер онкүндігі аясында 8 «Ә» сыныбында «Ана тілім – асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын ұғындыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тіл мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар ана тілінің адам өміріндегі орны туралы ой бөлісіп, тіл, Отан, бірлік пен достық тақырыбындағы мақал-мәтелдердің мағынасын талқылады. Танымдық тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап беріп, ана тілі туралы өлеңдер оқыды.
Сынып сағатында тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың тарихын, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын сақтап, келер ұрпаққа жеткізетін баға жетпес қазына екеніне ерекше назар аударылды.
Мен, 8 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларымның ана тілін қадірлеп, мемлекеттік тілді құрметтеп, оны күнделікті өмірде сауатты қолдана білуін маңызды деп санаймын.