20 ақпан күні 7–8 сыныптар арасында «Математикалық кафе» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

20.02.2026

20 ақпан күні 7–8 сыныптар арасында «Математикалық кафе» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның ұраны: «Тек тәбетпен қабылданған білім ғана жақсы меңгеріледі».

Ойын-сайыс түрінде ұйымдастырылған кеш барысында оқушылар математикалық «мәзірдегі» түрлі тапсырмаларды орындады: логикалық есептер шығарып, зейінге арналған тапсырмалар орындап, блиц-сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақ шешті және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Іс-шара оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Просмотров: 396


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу