«Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы» тақырыбында ашық сабақ

20.01.2026

2025 жылдың 20-қаңтар күні «Атбасар қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тарих пәндері онкүндігі жоспарына сәйкес тарих пәні мұғалімі Дюсембеков К.К. 7-сыныбында «Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты — Қазақстанның Ресей империясы құрамына толық қосылу үдерісінің тарихи маңызын түсіндіру, негізгі кезеңдері мен салдарын анықтау, оқушылардың тарихи ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ барысында түсіндіру, сұрақ-жауап, тарихи деректермен жұмыс, хронологиялық кесте құрастыру, топтық жұмыс сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, белсенді түрде қатысып отырды.

Ашық сабақ жоспарға сай өтіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды және оқу мақсаттарына толық қол жеткізілді. 
Директордың м.а: Ашимова Б.Т.

Просмотров: 594


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу