Бүгін, 15 желтоқсан күні, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 5 «Ә» сыныбында «Тәуелсіздік негізі – бірлік пен ынтымақ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

15.12.2025

Бүгін, 15 желтоқсан күні, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 5 «Ә» сыныбында «Тәуелсіздік негізі – бірлік пен ынтымақ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға бірлік пен ынтымақтың ел тәуелсіздігін нығайтудағы маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, бірлік пен татулық жайында өз ойларымен бөлісті. Танымдық тапсырмалар мен сұрақ-жауаптар арқылы оқушылардың белсенділігі артты.
Сынып сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

 

Просмотров: 524


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу