Жеңіс күніне орай

3 мамырда "№6 ЖББМ" КММ мектеп кітапханасында Жеңіс күніне орай орта буын оқушыларымен Б.Момышұлының "Олар Отан үшін күрескен" кітабының негізінде "Жеңіс сабақтары" атты презентация өткізілді. Мақсаты: балаларда интернационализмді, қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Іс-шара генерал-майор Бауыржан Момышұлын еске алуға, генерал-майор Иван Васильевич Панфиловты еске алуға, 316 атқыштар дивизиясын еске алуға, даладан оралмаған жерлестерімізді еске алуға дайындалды. Мектеп фойесінде "Жеңіс сабақтары"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.